HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - Getting Started Guide

3
Электрондық пошта арқылы HPePrint функциясын пайдалану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
Принтерде HPWeb Services қосылып тұруы және принтер HPConnected қызметіне тіркелген болуы керек.
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыдан, керек десеңіз бірдей желіде емес құрылғылардан принтердің электрондық
пошта мекенжайына электрондық пошта тіркемесі ретінде жіберу арқылы оларды басып шығару үшін электрондық пошта арқылы HP ePrint
мүмкіндігін пайдаланыңыз.
7.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін орнату (қосымша)
HP веб-қызметтерін қосу
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Connection Information
(Байланыс ақпараты) түймесін басып, келесі мәзірлерді ашыңыз:
HP ePrint
Settings (Параметрлер)
Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу)
2. OK мәзір элементін түртіңіз. Принтер веб-қызметтерді қосады, одан
кейін ақпараттық бетті басып шығарады. Ақпарат бетінде HP принтерін
HPConnected қызметінде тіркеуге қажетті принтер коды болады.
3. HP ePrint есептік жазбасын жасап, орнату процесін орындау үшін
www.hpconnected.com торабына өтіңіз.