HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. Systemүйе) қойындысын ашыңыз.
3. Device Information (Құрылғы туралы ақпарат) бетінде әдепкі принтер атауы Device Status (Құрылғы
күйі) өрісінде болады. Осы атты өзгертіп, бұл принтерді бірегей етіп анықтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: осы беттегі басқа жолдарды толтыру міндетті емес.
4. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймешігін түртіңіз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеу
Басқару тақтасы мәзірлерін IPv4 мекенжайын, желі бөлігінің маскасын және стандартты шлюзді қолмен
орнату үшін пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
2. Network Setupелі параметрлерін орнату) мәзіріне жылжып, оны түртіңіз.
3. IPv4 Cong Method (IPv4 конфигурациялау әдісі) мәзірін, одан кейін Manual (Қолмен) түймешігін
түртіңіз.
4. Сенсорлы экрандағы пернетақтаны пайдаланып IP мекенжайын енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
Растау үшін Yes (Иә) түймешігін түртіңіз.
5. Сенсорлы экрандағы пернетақтаны пайдаланып ішкі желі маскасын енгізіңіз де, OK түймешігін
түртіңіз. Растау үшін Yes (Иә) түймешігін түртіңіз.
6. Сенсорлы экрандағы пернетақтаны пайдаланып әдепкі шлюзді енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
Растау үшін Yes (Иә) түймешігін түртіңіз.
KKWW IP желі параметрлерін реттеу 91