HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Әрекетсіз тұрғаннан кейін өшіру таймерін орнатып, принтерді 1 Ватт не одан аз қуат
пайдаланатын етіп реттеу
Принтер өшпестен бұрын, уақыт мөлшерін белгілеу үшін басқару тақтасының мәзірлерін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер өшкен соң, қуат 1 Ватт не одан аз тұтынылады.
Кідірістен кейін өшіру параметрін өзгерту үшін мына процедураны орындаңыз:
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жүйе параметрі.
Қуат параметрлері
Өшіру уақыты
3. Кідірістен кейін өшіру уақытын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі мән — 4 сағат.
Кідірісті өшіру параметрін орнату
Қуат түймесі басылғаннан кейін принтер сөндіруді кідіртетін-кідіртпейтінін таңдау үшін басқару
тақтасының мәзірлерін пайдаланыңыз.
Кідірісті өшіру параметрін өзгерту үшін мына процедураны орындаңыз:
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
System Setupүйе параметрі)
Қуат параметрлері
Кідірісті өшіру
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
Кідіріссіз: Кідірістен кейін өшіру параметрімен анықталған әрекетсіздік уақытынан кейін принтер
өшеді.
Портта қосулы кезде: Бұл опция таңдалғанда, барлық порттар өшпейінше принтер өшпейді.
Қосулы желі байланысы немесе факс байланысы принтердің өшуіне жол бермейді.
94 8-тарау Принтерді басқару KKWW