HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Микробағдарламаны жаңарту
HP кезеңдік принтер жаңартуларын, жаңа веб-қызметтер қолданбаларын және бар веб-қызметтер
қолданбалары үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Бір принтер үшін мына қадамдарды орындап,
принтердің микробағдарламасын жаңартыңыз. Микробағдарламаны жаңартқанда веб-қызмет
қолданбалары автоматты түрде жаңартылады.
Бұл принтерде микробағдарламаны жаңартуды орындауға қолдау көрсетілетін екі әдіс бар. Принтердің
микробағдарламасын жаңарту үшін келесі әдістердің біреуін ғана пайдаланыңыз.
Бірінші әдіс: микробағдарламаны басқару тақтасын пайдаланып жаңарту
Микробағдарламаны басқару тақтасынан жүктеу (желіге қосылған өнімдерде ғана) және/немесе принтерді
болашақ микробағдарлама жаңартуларын автоматты түрде жүктеуге орнату үшін мына қадамдарды
орындаңыз. USB арқылы қосылған принтерлер үшін екінші әдіске өтіңіз.
1. Принтер белсенді интернет қосылымы бар сымды (Ethernet) немесе сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Микробағдарламаны желілік қосылым арқылы жаңарту үшін принтер интернетке
қосылған болуы керек.
2. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
3. Service (Қызмет) мәзіріне жылжып, ашыңыз, одан кейін LaserJet Update (LaserJet жаңарту) мәзірін
ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер LaserJet Update (LaserJet жаңарту) параметрі тізімде жоқ болса, екінші әдісті
пайдаланыңыз.
4. Жаңартуларды тексеру үшін Check for Updates Now (Жаңартуларды қазір тексеру) опциясын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер жаңартудың бар-жоғын автоматты түрде тексереді және жаңарақ нұсқа
анықталса, жаңарту процесі автоматты түрде іске қосылады.
5. Принтерді жаңартулар қолжетімді болғанда микробағдарламаны автоматты түрде жаңартатын етіп
орнатыңыз.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
Service (Қызмет) мәзіріне жылжып, оны ашыңыз, LaserJet Update (LaserJet жаңарту) мәзірін ашыңыз,
одан кейін Manage Updates (Жаңартуларды басқару) мәзірін таңдаңыз.
Allow Updates (Жаңартуларға рұқсат ету) параметріне YES (ИӘ) мәнін қойыңыз, сосын Check
automatically (Автоматты тексеру) параметріне ON (ҚОСУЛЫ) күйін қойыңыз.
Екінші әдіс: микробағдарламаны жаңарту утилитасын пайдаланып
микробағдарламаны жаңарту
HP.com веб-сайтынан микробағдарламаны жаңарту утилитасын қолмен жүктеу және орнату үшін осы
қадамдарды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдіс — тек компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған принтерлер үшін
микробағдарламаны жаңарту параметрі. Сондай-ақ, ол желіге қосылған принтерлерде жұмыс істейді.
96 8-тарау Принтерді басқару KKWW