HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі
Принтердің ішіне әр экранды пайдалану жолын түсіндіретін «Анықтама» жүйесі орнатылған. Анықтама
жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы анықтама түймешігін түртіңіз.
Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мәзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішін шарлауға болады.
Кейбір Анықтама экрандарында кептелістерді жою сияқты процедураларды орындауға көмектесетін
анимациялық көріністер бар.
Жеке тапсырмалар опцияларын қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
Принтер қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін «Анықтама»
түймесін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары берілген.
KKWW Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі 101