HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Принтердің басқару тақтасында «Cartridge is low» (Картридж
деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low» (Картридж деңгейі
өте төмен) хабары көрсетіледі
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): принтер тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда,
орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет емес.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз
. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): принтер тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Тонердің қызмет мерзімін
ұзарту үшін картридждерді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын
баспа картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін
әзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
HP Premium Protection кепілдігінің мерзімі EWS немесе Жабдықтар күйі парағында осы жабдыққа
HP Premium Protection кепілдігінің аяқталғанын көрсететін хабарлама пайда болғанда бітеді.
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
Жабдықтар Very Low (Өте төмен) деңгейге жеткенде, принтер орындайтын әрекеттерді өзгертуге болады.
Осы параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз.
Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жүйе параметрі.
Жабдық параметрлері
Black Cartridge (Қара картридж) немесе Color Cartridgesүсті картридждер)
Өте төмен параметрі
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
KKWW Принтердің басқару тақтасында «Cartridge is low» (Картридж деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very
low» (Картридж деңгейі өте төмен) хабары көрсетіледі
103