HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Тонер картриджін немесе картридждерін көзбен қарап шығу
Әр тонер картриджін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Принтерден картридждерді шығарып, бітеуші таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Жасып принтер барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтер барабанын ұстамаңыз. Принтер барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
5. Тонер картриджін орнына салып, мәселенің шешілгенін көру үшін бірнеше бет басып шығарыңыз.
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
1-қадам: HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
Баспа сапасының ақаулықтарының кейбіреулері HP ерекшеліктеріне сай келмейтін қағазды пайдаланудан
туындайды.
Әрқашан осы принтер қолдау көрсететін қағаз түрін және салмағын қолданыңыз.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігін және кесілмегенін, кертік
салынбағанын, жыртылмағанын, өте жұқа, шаң еместігін, мыжылмағанын, жарамсыз еместігін,
қапсырмалардың жоқтығын және шеттерінің мыжылып немесе бүктеліп қалмағанын тексеріңіз.
Бұрын басып шығарылмаған қағазды пайдаланыңыз.
Жылтыр сияқты металды материалды қамтымайтын қағазды пайдаланыңыз.
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде пайдалануға
арналған қағазды пайдаланбаңыз.
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып шығару
нәтижелерін береді.
2-қадам: Ортаны тексеру
Қоршаған орта баспа сапасына тікелей әсер етуі мүмкін және баспа сапасы немесе қағаз беру мәселелері
туындауы мүмкін. Төмендегі шешімдерді орындап көріңіз:
Принтерді ашық терезелер немесе желдеткіштер сияқты өтпе жел бар орындардан әрі жылжытыңыз.
Принтердің сипаттамаларында көрсетілген тыс температураларға не ылғал жерлерге шығарылмауын
қадағалаңыз.
Принтерді шкаф сияқты қоршалған орынға қоймаңыз.
Принтерді тегіс әрі қатты жерге орналастырыңыз.
126 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW