HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Принтердің желдеткіштерін бітейтін кез келген затты алып тастаңыз. Принтер жоғарғы жағымен қоса
барлық жақтарында жақсы ауа ағынының болуын қажет етеді.
Принтерді ауадағы радиоактивті заттардан, шаңнан, будан, майдан немесе өнімнің ішінде қалдық
қалдыратын басқа элементтерден қорғаңыз.
3-қадам: жеке науа туралануын орнату
Нақты науалардан басып шығарғанда мәтін немесе суреттер басып шығарылған бетте ортада болмаса
немесе дұрыс тураланбаса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup (Орнату) мәзірін таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді таңдаңыз:
System Setupүйе параметрі)
Баспа сапасы
Туралауды реттеу
Сынақ бетін басып шығару
3. Дұрыстайтын науаны таңдаңыз, сосын басып шығарылған беттердегі нұсқауларды орындаңыз.
4. Нәтижелерді тексеру үшін сынақ бетін қайта басып шығарыңыз. Қажет болса, басқа реттеулерді
жасаңыз.
5. Жаңа параметрлерді сақтау үшін OK түймесін таңдаңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім немесе
өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз: www.hp.com/support/ljM278MFP.
HP PCL.6 драйвері
Егер қолжетімді болса, осы принтерге арналған баспа драйвері Windows
®
XP және
Windows Vista
®
сияқты бұрынғы операциялық жүйелерді қолдайды. Қолдау
көрсетілетін операциялық жүйелер тізімін www.hp.com/go/support веб-сайтынан
қараңыз.
HP PCL 6 драйвері Осы принтерге арналған баспа драйвері Windows 7 және 3-нұсқа драйверлерін
қолдайтын жаңа операциялық жүйелерді қолдайды. Қолдау көрсетілетін
операциялық жүйелер тізімін www.hp.com/go/support веб-сайтынан қараңыз.
HP PCL-6 драйвері Осы өнімге арналған баспа драйвері Windows 8 және 4-нұсқа драйверлерін қолдайтын
жаңа операциялық жүйелерді қолдайды. Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
тізімін www.hp.com/go/support веб-сайтынан қараңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 127