HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз де, Optimize (Оңтайландыру) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
3. Реттелетін параметрді басыңыз.
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Mixed (Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text (Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Pictureурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Компьютерде сканер ажыратымдылығын және түс параметрлерін тексеру
Егер сіз сканерленген бейнені басып шығарсаңыз және сапасы көңіліңізден шықпаса, ол сканерлеу
бағдарламалық құралында қажеттіліктеріңізге сәйкес емес ажыратымдылық мен түстер параметрлерінің
таңдалу себебі болуы мүмкін
. Ажыратымдылық мен түстер сканерленген бейненің келесідей
мүмкіндіктеріне әсер етеді:
Бейне тазалығына
Шәкіл құрылымына (тегіс немесе бұдырлы)
Сканерлеу уақытына
Файл өлшеміне
Сканерлеу ажыратымдылығын өлшеу бірлігі пиксель/дюйм (п/д) болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: сканерлеудің п/д деңгейі баспаның н/д (нүкте/дюйм) өлшем бірлігіне сәйкес келмейді.
Түс, сұр шәкілі және ақ ықтимал түстер санын анықтайды. Сіз сканердің аппараттық ажыратымдылығын 1
200 п/д дейін реттей аласыз.
Ажыратымдылық пен түстер бойынша нұсқаулықтар кестесінің тізімі өзіңіздің сканерлеу бойынша
қажеттіліктеріңізге қол жеткізу бойынша аздап көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ: ажыратымдылық пен түстерді жоғары мәндерге реттеу нәтижесінде дискіде көп орын алып,
сканерлеу процессін баяулататын үлкен көлемді файлдардың құрылуына себепші болады.
Ажыратымдылық пен түстерді реттемес бұрын сканерленген кескінді қалай пайдаланатыныңызды
анықтаңыз.
Ажыратымдылық пен түстер бойынша нұсқаулықтар
Келесі кесте түрлі сканерлеу тапсырмаларына арналған ажыратымдылық пен түс параметрлерін
сипаттайды.
ЕСКЕРТПЕ: әдепкі параметр — 200 пиксел/дюйм.
KKWW Кескінді көшіру және сканерлеу сапасын жақсарту 143