HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
Қабылдаушы факс машинасы жауап бермегендіктен немесе бос болмағандықтан принтер факс жібере
алмаса, бос болмағанда нөмірді қайта теру, жауап болмағанда нөмірді қайта теру және байланыс қатесі
болғанда нөмірді қайта теру опциялары бойынша принтер нөмірді қайта тереді.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі көрсетілгенше
сипаңыз
. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setupеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
4. Fax Resolution (Факс ажыратымдылығы) мәзірін ашыңыз.
Қатені түзету параметрлерін тексеру
Әдетте, принтер факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде принтер қате тапса және қатені түзету параметрі On (Қосулы) болса, принтер
факстың бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мән On (Қосулы).
Факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі қателерді
қабылдағыңыз келсе ғана, қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсті шетелге жіберу немесе
шетелден факс қабылдау кезінде не болмаса сіз телефон байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз,
бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі көрсетілгенше
сипаңыз
. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Service (Қызмет) мәзірін басыңыз.
3. Fax Service (Факс қызметі) мәзірін түртіңіз.
4. Error Correction (Қатені түзету) түймешігін, одан кейін On (Қосу) түймешігін түртіңіз.
Бетке шақтау параметрін тексеру
Принтер факсты беттен тыс басып шығарса, принтердің басқару тақтасынан бетке шақтау мүмкіндігін
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі қағаз өлшемі параметрінің науадағы қағаздың өлшеміне сәйкес екенін тексеріңіз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі көрсетілгенше
сипаңыз
. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setupеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
4. Fit to Page (Бетке қиыстыру) түймешігін, одан кейін On (Қосу) түймешігін түртіңіз.
KKWW Факс сурет сапасын жақсарту 147