HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Факс мәселелерін шешу
Кіріспе
Мәселелерді шешуге көмектесу үшін факс ақауларын жою ақпаратын пайдаланыңыз.
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
Факстың жалпы ақаулықтарын жою
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
Бірнеше ықтимал шешім қолжетімді болады. Әр ұсынылған әрекеттен кейін ақаудың жойылғанын
тексеру үшін қайта факс жіберіп көріңіз.
Факс ақауларын жойғанда, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін принтер сымы тікелей қабырғадағы
телефон ұясына жалғанғанын тексеріңіз. Принтерге жалғанған басқа құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз.
1. Телефон сымының принтердің артқы жағындағы дұрыс ұяға жалғанғанын тексеріңіз.
2. Факс тексеруін пайдаланып, телефон желісін тексеріңіз:
а. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі
көрсетілгенше сипаңыз. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Қызмет
Факс қызметі
б. Run Fax Test (Факс сынағын орындау) опциясын таңдаңыз. Принтер факс тексеруі туралы есепті
басып шығарады.
Есепте келесі ықтимал нәтижелер болады:
Сәтті: Есепте қарап шығуға болатын ағымдағы факс параметрлері бар.
Сәтсіз: Есеп қате сипаттамасын және мәселені шешу жолы бойынша ұсыныстарды
көрсетеді.
3. Принтер микрбағдарламасының қазіргі нұсқадағы екенін тексеріңіз:
а. Ағымдағы микробағдарлама күнінің кодын алу үшін Reportsсептер) мәзірінен конфигурация
бетін басып шығарыңыз.
ә. www.hp.com/go/support сайтына өтіп, Drivers & Software (Драйверлер және бағдарламалар)
сілтемесін басыңыз, сосын іздеу жолына принтердің атауын енгізіп, ENTER түймесін басыңыз да,
іздеу нәтижелерінің тізімінен принтерді таңдаңыз.
б. Операциялық жүйені таңдаңыз.
в. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility (Микробағдарламаны жаңарту
утилитасын) тармағын табыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: принтер үлгісіне арналған микробағдарламаны жаңарту утилитасын
пайдаланыңыз.
156 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW