HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат конверттерді басып шығару және салу жолын сипаттайды. 1-науаға 1 конверт сыяды.
2-науаға 5 конверт сыяды.
Конверттерді қолмен беру опциясын пайдаланып басып шығару үшін баспа драйверінде дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында мына қадамдарды орындаңыз, одан кейін конверттерді науаға
принтерге баспа тапсырмасын жібергеннен кейін салыңыз.
Конверттерді басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдап, басып шығару драйверін ашу үшін Properties (Сипаттар)
немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Devices (Құрылғылар) бөлімін таңдап, Print (Басып шығару) тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді
таңдаңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Paper size (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен конверттердің дұрыс өлшемін таңдаңыз.
5. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен Envelopeонверт) тармағын таңдаңыз.
6. Paper source (Қағаз көзі) ашылмалы тізімінен Manual feed (Қолмен беру) тармағын таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Конверттерді салу және басып шығару 21