HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Жапсырмаларды салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат белгілерді басып шығару және салу жолын сипаттайды. 1 -науаға 1 белгілер парағы
сыяды. 2-науаға 50 белгілер парағы сыяды.
Қолмен беру опциясымен жапсырмаларды басып шығару үшін мына қадамдарды орындап, баспа
драйверінен дұрыс параметрлерді таңдаңыз, одан соң басып шығару тапсырмасын принтерге жібергеннен
кейін жапсырмаларды науаға салыңыз. Қолмен беруді пайдаланғанда, принтер науаның ашылғанын
анықтағанша тапсырманың басып шығарылуын күтіңіз
.
Жапсырмаларды қолмен беру
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түйме атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper size (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен жапсырмаларға сәйкес өлшемді таңдаңыз.
5. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен Labels (Жапсырмалар) опциясын таңдаңыз.
6. Paper source (Қағаз көзі) ашылмалы тізімінен Manual feed (Қолмен беру) опциясын таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Жапсырмаларды салу және басып шығару 23