HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
Wi-Fi Direct
Settings (Параметрлер)
Қосулы/өшірулі
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. O (Өшіру) түймесі Wi-Fi Direct басып шығаруын өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: бірдей принтердің бірнеше үлгілері орнатылған орталарда Wi-Fi Direct басып шығаруы үшін
принтерді оңай анықтау мақсатында әрбір принтерге бірегей Wi-Fi Direct атын беру пайдалы болуы мүмкін.
Wi-Fi Direct аты принтердің басқару панеліндегі негізгі экраннан байланыс ақпараты белгішесін
түрту және одан кейін Wi-Fi Direct белгішесін түрту арқылы ғана қолдануға болады.
Принтердің Wi-Fi Direct атауын өзгерту
Принтердің Wi-Fi Direct атын HP ендірілген веб-серверін (EWS) қолданып өзгерту үшін осы процедураны
орындаңыз:
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверін ашу
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Connection Information (Байланыс туралы ақпарат)
түймешігін түртіп, IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connected
еліге қосылған) түймешігін немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймешігін
түртіңіз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
Екінші қадам: Wi-Fi Direct атауын өзгерту
1. Networkingелі) қойындысын басыңыз.
2. Сол жақ шарлау аймағындағы Wi-Fi Direct Setup (Wi-Fi Direct параметрлерін орнату) сілтемесін
басыңыз.
3. Wi-Fi Direct Name (Wi-Fi Direct атауы) жолағына жаңа атауды енгізіңіз.
4. Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолданатын құрылғыдан электрондық хабардың
тіркемесі ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы басып шығару үшін
HP ePrint құралын пайдаланыңыз.
HP ePrint функциясын қолдану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
42 4-тарау Басып шығару KKWW