HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
USB құрылғысынан тікелей басып шығаруды қолдану
Кіріспе
Бұл принтерде тасымалы USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жібермей жылдам басып шығаруға болады. Принтердің USB портына стандартты USB
флеш дискілері салынады. Ол келесі файл түрлерін қолдайды:
.pdf
.jpg
.prn және .PRN
.cht және .CHT
.pxl
.pcl және .PCL
.ps және .PS
.doc және .docx
.ppt және .pptx
Бірінші қадам: принтердегі USB файлдарына өту
1. USB флеш дискісін принтердің алдындағы тасымалы USB портына кіргізіңіз.
2. USB Flash Drive (USB флеш-дискісі) мәзірі келесі опциялармен ашылады:
Құжаттарды басып шығару
Суреттерді қарау және басып шығару
Scan to USB Drive (Сканерлеп, USB құрылғысына сақтау)
Екінші қадам: USB құжаттарын басып шығару
Бірінші опция: құжаттарды басып шығару
1. Құжатты басып шығару үшін Print Documents (Құжаттарды басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Басып шығарылатын құжаттың атауын таңдаңыз. Егер құжат қалтаға сақталса, алдымен қалтаны,
одан кейін басып шығарылатын құжатты таңдаңыз.
3. Жиынтық экран ашылғанда, мына параметрлерді дұрыстауға болады:
Көшірмелердің саны
Paper Size (Қағаз өлшемі)
Қағаз түрі
Бетке шақтау
46 4-тарау Басып шығару KKWW