HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
3. Принтердің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз.
4. Авто жауап бергіштің телефон кабелін принтер артындағы телефон желісінің шығыс портына
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Авто жауап бергішті тікелей принтерге жалғаңыз, әйтпесе авто жауап бергіш жіберіліп
жатқан факстың факс үндерін жазуы және өнім факстерді қабылдамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: егер автожауапбергіште кірістірілген телефон болмаса, ыңғайлы болуы үшін телефонды
автожауапбергіштегі OUT (ШЫҒЫС) портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
5. Принтердегі жауап беретін қоңыраулар параметрін реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
б. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
в. Basic Setup (Негізгі орнату) мәзірін таңдаңыз.
г. Rings to Answer (Жауап беретін қоңыраулар) опциясын таңдаңыз.
ғ. Принтердің басқару панеліндегі сандық пернетақтаны пайдаланып қоңыраулардың санын
орнатып, OK опциясын таңдаңыз.
6. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
ә. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
б. Basic Setup (Негізгі орнату) мәзірін таңдаңыз.
в. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) опциясын
таңдаңыз.
7. Факсты жіберу алдында теру үнін тексеруге принтерді реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде принтердің факс жіберуін
болдырмайды.
76 7-тарау Факс KKWW