HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панелінде көрсетілгендей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter
пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: егер веб-шолғыш кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін
көрсететін хабарды берсе, веб-сайтқа кіруді жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-
сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Fax (Факс) қойындысын басыңыз.
3. Факс параметрлерін конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. 4-қадам: факс сынағын орындау (79-бет) бөліміне өтіңіз.
4-қадам: факс сынағын орындау
Факс дұрыс реттелгенін тексеру үшін факс сынағын орындаңыз.
1. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
2. Self Diagnostics (Өзін өзі диагностикалау) мәзірін таңдаңыз.
3. Run Fax Test (Факс сынағын орындау) опциясын таңдаңыз. Принтер сынақ туралы есепті басып
шығарады.
4. Есепті қарап шығыңыз.
Егер есеп принтердің сынақтан өткенін көрсетсе, принтер факстарды жіберуге және қабылдауға
дайын.
Егер есеп принтердің сынақтан өтпегенін көрсетсе, мәселені шешу туралы қосымша ақпарат алу
үшін есепті қарап шығыңыз. Факс ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесінде факс
мәселелерін шешу туралы қосымша ақпарат бар.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 79