HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - User's Guide

Table Of Contents
2. Принтердің басқару тақтасының негізгі
экранындағы Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
3. Пернетақтадағы факс телефон кітапшасының
белгішесін түртіңіз.
4. Қолданылатын жеке немесе топтық жазбаның
атын түртіңіз.
5. Start Fax (Факсті бастау) түймешігін түртіңіз.
Бағдарламалық құралдардан факс жіберу
Факс жіберу процедурасы сіздің техникалық талаптарыңызға байланысты өзгереді. Ең көп
пайдаланылатын әрекеттер.
1. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Startастау) экранының бос аймағына тінтуірдің оң жағын басып, қолданбалар
тақтасында All Apps (Барлық қолданбалар) түймешігін басыңыз, содан соң принтер атауын
таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Startастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін басып,
принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
2. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Fax (Факс) параметрін таңдаңыз, содан соң Send Fax (Факсты
жіберу) параметрін таңдаңыз.
3. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
4. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.
5. Send Now (Қазір жіберу) түймешігін басыңыз.
Үшінші жақтың Microsoft Word сияқты бағдарламасынан факс жіберіңіз
1. Үшінші жақтың бағдарламасында құжатты ашыңыз.
2. File (Файл) мәзірін, одан кейін Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
3. Принтер драйверінің ашылатын тізімінен факс басып шығару драйверін таңдаңыз. Факстің
бағдарламалық құралы ашылады.
4. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Принтерге салынған беттерді қосыңыз. Бұл қадам міндетті емес.
6. Send Now (Қазір жіберу) түймешігін басыңыз.
82 7-тарау Факс KKWW