User Guide - Windows 8.1
Оң жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да құрамдас бөліктердің
қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
(2)
Қатты диск шамы
●
Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда.
(3)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
▲
Картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
(4)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(5)
Oптикалық диск Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды
немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты Анықтама
және қолдау веб-беттерінен қараңыз (
Қосымша HP
ресурстары (2-бет) тарауын қараңыз). Компьютер үлгісін
таңдау үшін веб-тораптағы нұсқауларды орындаңыз.
Драйверлер мен Жүктеулер тармағын таңдаңыз, одан
кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
(6)
Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару
түймесі
Диск салғышты шығарады.
(7) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Оң жақ 5