User Guide - Windows 8.1
Бөлік Сипаттама
(8)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
(9)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP
Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының
оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио
шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Дисплей
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Дисплей 7