User Guide - Windows 8.1
Белгіше Сипаттама
Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін
жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама және қолдау орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама және қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою құралдарын
және қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады.
Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшу режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
14 2-тарау Компьютермен танысу