User Guide - Windows 8.1
3 Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың
ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
WLAN құрылғысы компьютерлерді корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth құрылғысы
(тек таңдаулы үлгілерде)– компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа
құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте
бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология, Интернет және желіге қосылу туралы қосымша
мәлімет алу үшін, «Анықтама және
қолдау» бөліміндегі ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз.
▲
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін пайдалана
отырып басқаруға болады:
●
Сымсыз байланыс түймешігі немесе сымсыз байланыс пернесі (ұшу режимі пернесі де аталады)
(осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады).
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз желіге қосылу 17