User Guide - Windows 8.1
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
●
Тінтуір
●
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының
параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Сымды желіге қосылу – LAN
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі
бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
LAN желісіне қосылу үшін 8 істікті RJ-45 (желілік) кабелі мен желілік aдаптер қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына
(2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
20 3-тарау Желіге қосылу