User Guide - Windows 8.1
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және
бағдарламалық құралдарға қатынау
Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен
шектеліп қалмайсыз. Желіге қосылған компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен деректерді
алмасуға болады.
Файлдар, қалталар немесе дискілерді ортақ пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін
Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
▲
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау)
пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DVD фильмі немесе ойыны сияқты диск көшіруден қорғалған болса, оны бөлісу мүмкін
емес.
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарға қатынау 21