User Guide - Windows 8.1
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура,
монитор, проектор, теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды
жалғаңыз.
Веб-камераны пайдалану
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын кейбір үлгілерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
HDMI арқылы дыбысты реттеу
үшін (25-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Осы құжатты ашу үшін, бастау
экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды гарнитураны
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Дыбыс параметрлері компьютердегі дыбыс деңгейін, бағдарламаларға, үндеткіштерге,
микрофондарға, құлақаспаптарға және басқа дыбыс мүмкіндіктеріне қолданылатын дыбыстарды
басқарады.
22 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану