User Guide - Windows 8.1

Дыбыс деңгейін қарау немесе өзгерту үшін:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
немесе
Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып Панель
управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) параметрін таңдаңыз.
3. Звуки (Дыбыстар)
астындағы Жүйенің дыбыс деңгейін реттеу пәрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
немесе
Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып Панель
управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз.
2. Оборудование и
звук (Аппараттық құрал және дыбыс) параметрін таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердегі дыбыс мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) бөлімін қараңыз.
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс
ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне дерек мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпаратты алу үшін Анықтама және қолдау бөлімін
қараңыз.
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана)
ЕСКЕРТПЕ: VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі қажет
болады.
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе
проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз.
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей
жалғаңыз.
Бейнені пайдалану 23