User Guide - Windows 8.1
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көрсетіледі.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек
сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан панель
управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы)
пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін
таңдаңыз. Дисплей
ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет
болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
24 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану