User Guide - Windows 8.1

2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы
құрылғының екеуінен көрсетіледі.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан панель
управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы)
пәрменін
таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан кейін Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында
сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Әдепкі күйді орнату пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
Бейнені пайдалану 25