User Guide - Windows 8.1

1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен түртіп, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пәрменін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Әдепкі күйді орнату пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар) түймесін нұқып, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз.
немесе
Таңдаулы үлгілерде Бастау экранындағы HP Quick Access to Miracast (Miracast құрылғысына HP
Quick кіру) белгішесін
басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бар дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi) білу үшін, ТД
немесе екінші дисплей құрылғысымен келген құжаттаманы қараңыз.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек
таңдаулы Intel үлгілерінде)
Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін
немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін
пайдаланыңыз.
Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді;
толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
Intel WiDi Медиа Бөлісу (тек таңдаулы үлгілерде) бірнеше функцияны қатар орындау мүмкіндігін
қосады және
таңдау, жеке медиа файлдарын қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін
қолданылатын құралдарды қамтамасыз етеді.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлеріне қосылу:
Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар) түймесін нұқып, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз.
Бастау экранында Intel WiDi ашу:
Intel WiDi теріп, Intel WiDi басыңыз.
Бастау экранынан Intel WiDi Медиа Бөлісуді
ашу:
Intel WiDi Media Share сөздерін теріп, Intel WiDi Media Share параметрін басыңыз.
26 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану