User Guide - Windows 8.1
5 Экранда шарлау
Бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз.
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
●
Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз
●
Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз
●
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді (бөлек сатылады) пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы USB тінтуірі (бөлек сатылады) компьютердегі USB портына жалғанады.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын
пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді
басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады. Сенсорлы экранды шарлау үшін (тек таңдаулы
үлгілерде) осы тарауда сипатталған қимылдар арқылы экранды тікелей нұқыңыз.
Қимылдарды қалауыңыз бойынша реттеуге және олардың қалай әрекет ететінін
көруге болады.
Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін басыңыз және Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) параметрін
таңдаңыз. Устройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) тізімінен Мышь (Тінтуір) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзге көрсетілмесе, қимылдарды сенсорлы тақтада немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы үлгілерде) пайдалануға болады.
Түрту
Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
●
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта
аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану 27