User Guide - Windows 8.1

Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын
жақындатыңыз.
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту
Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу
үшін пайдаланыңыз.
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен,
сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) түрту
Екі саусақпен пайдалану қимылын нысан үшін экрандағы мәзір ашу үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі
саусақты қойып басыңыз.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту (сенсорлы экран ғана)
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылын іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға,
құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін шебер түймелерді ашу
үшін пайдаланыңыз.
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен ішіне қарай
жайлап сырғытыңыз.
28 5-тарау Экранда шарлау