User Guide - Windows 8.1

Сол жақ жиегінен (сенсорлы экран ғана)
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қымылы ашық бағдарламалар арасында жылдам ауысу үшін
оларды көрсетеді.
Саусағыңызды сенсорлы экранның сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Кейін
ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол
жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз.
үстіңгі шегінен және төменгі шегінен жылжыту (сенсорлы экран ғана)
Саусақты үстіңгі жиектен немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаларды теңшейтін
пәрмендер мәзірін көрсетеді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты
әртүрлі болады.
Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі немесе төменгі жиектен
жайлап жылжытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана)
Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану 29