User Guide - Windows 8.1

6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне
жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды.
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар.
Ұйқылық режимҰйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
Жұмысыңыз жадқа сақталып, жұмысыңызды әрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ұйқы күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты
Ұйқы күйін қолмен бастау
және шығу (31-бет) бөлімінен қараңыз.
Күту күйікүту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады. Күту
күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі. Күту күйін қолмен де қосуға
болады. Қосымша ақпаратты
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы
үлгілерде) (32-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқылық режимді немесе күту күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек
таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде әдепкі параметрлер бойынша RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам іске қосу
технологиясы) мүмкіндігі қосылған. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді бірден іске қосуға
мүмкіндік береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден шығу
үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін тез
басып
қалыңыз.
Қүту күйі: RST мүмкіндігі ұйқылық күйдегі не болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге
жеткен компьютер әрекетсіз тұрғанда күту күйін қосады. Күту күйінен шығып, жұмысты
жалғастыру үшін, қуат түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) тармағынан өшіруге болады. Күту күйін өзіңіз
қосқыңыз келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз қажет.
Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) (32-бет) бөлімін
қараңыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу 31