User Guide - Windows 8.1
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батарея
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы ауыстырылатын
батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу
үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны компьютерден (3) шығарып алыңыз.
Батарея ақпаратын табу
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
2. Аккумулятор и производительность (Батарея және жұмысы) опциясын таңдаңыз.
HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасы мына құралдармен және батарея туралы
ақпаратпен қамтамасыз етеді:
34 6-тарау Қуат басқару