User Guide - Windows 8.1
●
Батареяны тексеру
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін
таңдаңыз.
●
Компьютер 2 аптадан артық пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
пайдаланушы ауыстыратын батареяны компьютерден шығарып алып, оны салқын, құрғақ
жерде көмпьютерден бөлек сақтаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея
шамы жыпылықтайды.
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін
көрсетеді.
– немесе –
●
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі
туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Қуат көрсеткішін және қуат
параметрлерін қолдану (33-бет) бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды:
●
Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат
жоғалады.
●
Күту күйі қосылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда, компьютерде
күту күйі іске қосылады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Келесі құрылғылардың біреуін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 35