User Guide - Windows 8.1
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде).
●
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Экран жарықтығы жоғарылайды.
●
Windows жұмыс үстеліндегі
қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
АТ көзінен ажырату кезінде:
●
Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды.
●
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Қуат мәселелерін шешу
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
●
Дисплей қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет.
Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Компьютерді өшіру (сөндіру)37