User Guide - Windows 8.1

Төмендегі жағдайлар орын алғанда компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып
табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу
арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің
жоғары не төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз.
3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пәрмендерін таңдаңыз және Завершение
работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
немесе
Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Пуск (Бастау) түймесін оң жақ түймешікпен
басып,
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) немесе Выйти из системы (Жүйеден шығу) тармағын,
сосын Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелерін басып, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, содан кейін Завершение
работы
(Өшіру) тармағын таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареясы бар компьютерден батареяны шығарыңыз.
38 6-тарау Қуат басқару