User Guide - Windows 8.1
Құпиясөз Қызмет
ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі
●
Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу
қажет.
●
Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз
●
Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын
немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
●
Қосылғанда сұралатын құпиясөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу және күту күйінен
шығу мүмкін болмайды.
Әкімші құпия сөзін немесе қосылғанда сұралатын құпия сөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту
немесе жою:
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасы:
●
Компьютерді қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін жылдам басып, f10
пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық
құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде
компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі және желіаралық
қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының сынақ нұсқасы
компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған вирустардан және
басқа
қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін қауіпсіздік бағдарламалық
құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе таңдауыңыз бойынша
бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың
қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін
тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
44 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау