User Guide - Windows 8.1

HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға
мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint
Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа
қабілеттілігін бақылайды және тұтынушыларға түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік
мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға бағдарламалық
құралды жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен
салыстырғанда
қаржы тарапынан тиімді екен.
Сымсыз желіні қорғау
Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген
кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және
әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе
бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау
үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Сақтық көшірме жасау,
алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (53-бет) бөлімінен қараңыз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель құлпы
ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін
бірнеше әдістердің біреуі ғана болып табылады.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Компьютеріңіздегі
қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз.
46 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау