User Guide - Windows 8.1
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын
пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының
(мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты
басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің
жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына
кедергі келтіруі мүмкін.
▲
Компьютерді қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін жылдам басып, f10 пернесін
басыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылған нұсқадан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасы ақпаратын (ROM күні және BIOS жүйесі деп те аталады) көрсету үшін, Бастау экранында
поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын, My computer (Менің
компьютерім) тармағын, одан кейін System information (Жүйе ақпараты) параметрін таңдаңыз немесе
Setup Utility (BIOS) құралын пайдаланыңыз.
1. Setup Utility (BIOS)
қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (48-бет) бөлімін
қараңыз).
2. Main (Негізгі) тармағын түртіңіз және сіздің BIOS нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз.
3. Exit (Шығу) тармағын, Exit Discarding Changes (Өзгертулерді сақтамай шығу) параметрін
таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
48 9-тарау Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану