User Guide - Windows 8.1

10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін
диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс
істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін
аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын бастау үшін:
1. Setup Utility бағдарламасын бастау:
Компьютерді қосыңыз немесе
өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып қалыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды 3 орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (51-бет)
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен
орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB
құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі жолы бар:
UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу:
1.
http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі.
2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Жүктеу сілтемесін басып, Ісе қосу пәрменін таңдаңыз.
Белгілі бір өнім үшін UEFI кез келген нұсқасын жүктеп алу:
1.
http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады.
2. Драйверлер & Жүктеулер тармағын таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу 51