User Guide - Windows 8.1

амалдық жүйені және зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, одан кейін
бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге
немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады.
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа
құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе
DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе
BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын дискілерді пайдаланбаңыз;
олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына
жоғары сапалы
бос USB флэш картасын қолдануға болады.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру құралын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру дискілерін
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға немесе қолдау
қызметінен компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға болады. Осы компьютермен
жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет
көрсету телефондары)
кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сыртқы
оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы керек. диск
жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын
тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Егер қажет
болса, қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шығуға болады. HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы
ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі
рет ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады және қалған
дискілердің жасалуы жалғасады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін
HP Recovery
Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пәрменін таңдаңыз.
2. Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау)
пәрменін таңдаңыз, сөйтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты
HP Recovery Manager арқылы қалпына
келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдарын пайдалану
Windows құралдары арқылы жүйені қалпына келтіру нүктелерін және жеке ақпаратыңыздың сақтық
көшірмелерін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
54 11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру