User Guide - Windows 8.1

Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
немесе
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер үлгілердің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және
компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша ақпарат
алу үшін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын қараңыз.
Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
немесе
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы
сұрақ белгісін басыңыз.
Егер сізге алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жеке
қолданба немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру
көмекшісі) бағдарламалық құралының Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен
қолданбаларды қайта орнату) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Бастау экранында recovery деп теріп, HP Recovery Manager бағдарламасын таңдаңыз да,
Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату)
параметрін
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Таңдаулы үлгілерде, компьютерді кішірейтілген бейнемен бастапқы қалпына келтіру керек
болса, HP Recovery бөліміндегі немесе HP Recovery құралындағы HP кішірейтілген бейнеден
қалпына келтіру опциясын таңдауға болады. Кішірейтілген бейнеден қалпына келтіру тек
драйверлер мен аппараттық құралдарды қосатын қолданбаларды орнатады. Бейнедегі басқа
қолданбаларды HP Recovery Manager ішіндегі Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен
қолданбаларды қайта орнату) опциясын арқылы орната беруге болады.
Қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы үлгілерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға немесе
HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager
арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса,
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
үлгілерде) (53-бет) бөлімін қараңыз.
Таңдаулы үлгілерде, компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру
керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 55