User Guide - Windows 8.1

параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager
арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
Таңдаулы үлгілерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз
келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін
жою) опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) (58-бет) бөлімінен
қараңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді жасалған немесе қолдау қызметінен
алынған HP Recovery медиа құралы немесе HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) көмегімен
бастапқы зауыттық параметрлерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтіру медиа
құралы жасалмаған болса,
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
үлгілерде) (53-бет) бөлімін қараңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет.
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан қайта
орнату керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін
шешудің ең соңғы шарасы ретінде пайдаланған жөн.
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса,
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы үлгілерде) (53-бет) бөлімін қараңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін (тек таңдаулы үлгілерде) HP
қалпына келтіру медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған
болса,
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (53-бет) бөлімін
қараңыз.
Егер компьютерде НР қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына
келтіру медиа құралы жұмыс істемесе, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға
болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет
көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға
болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты
түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға
болады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған кезде
көрсетіледі.
56 11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру