User Guide - Windows 8.1
●
Жүйені қалпына келтіру — Бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
●
Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені және
барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды
қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
●
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қайтару): компьютерді қатты дискіден барлық ақпаратты
жойып, бөлімдерді қайта жасау
арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық күйіне қалпына
келтіреді. Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды
қайта орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) жүйені қалпына келтіруге және кішірейтілген бейнеден
қалпына келтіруге (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкіндік береді.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын
пайдаланбастан жүйені қалпына келтіруге немесе кішірейтілген бейнені қалпына келтіруге (тек
таңдаулы үлгілерде) мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп
тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
1. Бастау экранында recovery (қалпына келтіру) деп теріп, одан кейін HP Recovery Manager
және
HP Recovery Environment (НР қалпына келтіру ортасы) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Компьютер жүктелген кезде, F11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде f11
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл әдісті
амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты диск дұрыс
істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын
автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз.
Компьютердің жүктелу тәртібін
өзгерту (57-бет) бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу
ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың
реті. Оптикалық дискінің немесе USB флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін:
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 57