User Guide - Windows 8.1

1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. Computer Setup утилитасын бастаңыз:
Жүктеу опцияларын үшін компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта қосыңыз, esc пернесін
тез басып, f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін
жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, Windows жүйесінің жаңарту опциясын
немесе бәрін жоып, Windows жүйесін қайта орнатуға арналған Windows мүмкіндігін пайдалануға
болмайды. Сонымен қатар, жүйені қалпына келтіруге немесе ықшамдалған кескінді HP Recovery
бөлімінен қалпына келтіруге болмайды. Қалпына келтіру бөлімін жоймас бұрын, HP Recovery медиа
құралын жасаңыз;
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (53-бет)
бөлімін қараңыз.
HP Recovery бөлімін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында recovery деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager опциясын таңдаңыз.
2. Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да, жалғастыру
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
58 11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру