User Guide - Windows 8.1

13 Электростатикалық разряд
Электростатикалық ток соғуекі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы,
мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу.
Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр
қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін. Компьютерге, диск жетегіне зақым
келтіру қаупін немесе ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, келесі сақтық
шараларын қолданыңыз:
Егер жою немесе орнату нұсқауларында компьютерді қуат көзінен ажырату ұсынылса,
компьютердің жерге дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Бөліктерді орнатуға дайын болғанша, оларды электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерлерде сақтаңыз.
Істікшелер, контактілер және қосылатын ұштарға тимеңіз. Электрондық бөліктерді қолмен
мүмкіндігінше аз уақыт ұстаңыз.
Магниттенбейтін құралдарды пайдаланыңыз.
Бөліктерді ұстамас бұрын боялмаған метал бетін
ұстау арқылы статикалық электр тогын
разрядтаңыз.
Бөлікті алған кезде оны электростатикалық заряд өтпейтін контейнерде сақтаңыз.
61