User Guide - Windows 10
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты сақтаңыз
да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бірінен соң бірін жылжытуға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны босатуға арналған әрбір ысырма автоматты түрде бастапқы орнына
түседі.
3. Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
●
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
●
Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз.
●
Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 37