User Guide - Windows 7
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
●
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
●
Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
●
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
●
Сары түсте жыпылықтап тұрғанда: Батарея заряды аз
деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне
жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай
бастайды.
●
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB қут беру порты арқылы компьютер ұйқы
режимінде болса да, белгілі бір ұялы телефон және MP3
ойнатқыш үлгілерін зарядтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (46-бет) бөлімінен
қараңыз.
(5) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
4 2-тарау Компьютермен танысу