User Guide - Windows 7

Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио
немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, әдепкі аудио ойнату
құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе Цифровое
устройство вывода
(HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Бейне 35